Бөбекжай жайлы ақпарат
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бәйтерек" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2011 жылдың маусым айында ашылды. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында ашылды. Бөбекжайда 2 пен 5 жас аралығындағы 140 бала қабылданды.Олардың ішінде 2-3 жас аралығындағы сауықтыру тобы жұмыс жасайды. Бөбекжайда жас ерекешелігіне қарай 6 топ бар, 18 педагог еңбек етуде. Оқу-тәрбие жұмыстарына арналған қосымша музыка залы, спортзалы, психолог кабинеті, хореография кабинеті, бейнелеу өнері кабинеті жасақталған. Бөбекжайда балабақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консултациялық пункт жұмыс жасайды.